Басқару тобының клиент құрылғыларынан бағдарламаны қашықтан жою

Басқару тобының клиент құрылғыларынан бағдарламаны қашықтан жою үшін:

  1. Қажетті басқару тобын басқаратын Басқару серверіне қосылыңыз.
  2. Консоль ағашында басқару топтарын таңдаңыз.
  3. Жұмыс аймағында Тапсырмалар қойыншасын таңдаңыз.
  4. Жаңа тапсырма түймесі бойынша тапсырманы жасау шеберін іске қосыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шеберінің Тапсырма түрін таңдау терезесінде, Kaspersky Security Center Басқару сервері түйінінде, Кеңейтілген Бағдарламаны қашықтан жою тапсырма түрін таңдаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шеберінің жұмысы нәтижесінде, таңдалған бағдарламаны қашықтан жоюдың топтық тапсырмасы жасалады. Жасалған тапсырма басқару тобының жұмыс аймағында, Тапсырмалар қойыншасында көрсетіледі.

  5. Тапсырманы қолмен іске қосыңыз немесе тапсырма параметрлерінде көрсетілген кестеге сәйкес оның іске қосылуын күтіңіз.

Қашықтан жою тапсырмасын орындау нәтижесінде таңдалған бағдарлама басқару тобының клиент құрылғыларынан жойылады.

Басына оралу